Өңірлер

Жарты жыл ішінде Астана өнеркәсібі 94,2 млрд теңгенің өнімін өндірді

Астана қаласының статистика департаментінде 2014 жылдың бірінші жарты жалдық қорытындысы шығарылды, деп департаментте хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 16:08

«2014 жылдың 1-жартыжылдығында қаланың ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарымен 94,2 млрд. теңгеге өнімдер (тауарлар, қызметтер) өндірілді, бұл жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 79,0%-ын құрады. Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі өткен жылғы қаңтар–маусымға 79,7%-ды құрады», - делінген хабарламада.

Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 75,5%-ды немесе 68,0 млрд. теңгені, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда сәйкесінше 90,1%-ды және 22,7 млрд. теңгені, сумен жыбдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 89,7% - ды және 3,5 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлем индексі ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 2013 жылғы қаңтар-маусымына 71,0%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі өндірісіндегі өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі (2013 жылғы қаңтар-маусымға 113,5%) және металлургия өнеркәсібі (9,8 есе) басқа барлық өндірістерде байқалады.




Яндекс.Метрика