Адами капитал

ТМД елдері құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметі жарты жылда хабар-ошарсыз кеткен 300 адамды тапты

ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жарты жылда хабар-ошарсыз кеткен шамамен 300 адам табылды, деп мәлімдеді бүгін Астанадағы жиында РФ ІІМ «Бас ақпараттық-сараптамалық орталық» ФКБ бастығы Павел Важев.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 15:28

«Жарты жылда іздестіру шараларының бастамасы емес мемлекеттердің аумағында мемлекетаралық іздестіруге жарияланған тұлғалардың есебін пайдалана отырып 1,5 мың қылмыскер ұсталды. Хабар-ошарсыз кеткен 275 адам табылды», - дейді П.Важев.

Жалпы, орталықтандырылған, лингвистикалық және іздестіру жедел-анықтамалық және дактолистикалық есептердің жалпы көлемі шамамен 76 млн есеп нысанын құрайды.

«6 ай ішінде іздестіру қызметіне келіп түскен өтініштердің саны өткен жылдың барлық 12 айындағы көрсеткіштен 4,5 мыңға артық. Олардың саны қазіргі таңда 19 мыңнан астам», - дейді  П.Важев.

Ресейдің тиісті комитеті басшысының айтуынша, есепті құру мен пайдалануға қазіргі таңда Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Украина мен Қырғыз Республикасы белсенді атсалысып отыр.

Жиын барысында тараптар мемлекетаралық ақпараттық банк пен электронды түрде ақпарат алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ атынан тәртіпті қамтамасыз ету саласында ынтымақтастық танытудағы еңбектері үшін ИТД елдерінің ақпараттық-сараптамалық қызмет жетекшілері марапатталды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика