Өңірлер

Алматының аймақтық жалпы өнімі 7,9%-ға өсті

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сардар Қабдоловтың баяндауы бойынша, қаланың АЖӨ үстіміздегі жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша 7,9%-ға өсіп, 1 397,4 млрд.теңгені құрады.
Алматы қаласы24 Шілде , 15:11

Сондай-ақ, С. Қабдолов жыл басынан бері қарай 276,7 млрд.теңге көлемінде өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға көп. Жарты жыл ішінде негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 5,6%-ға өсіп 191,4 млрд. теңгені құрағандығын атап өтті.

Жарты жыл қорытындылары бойынша тұрғын үй құрылыс көлемі де өсті. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 514,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға көп. Жарты жыл ішінде шоғырландырылма бюджетке 581,6 млрд. теңге салық пен басқа міндетті төлемдер жиналды. Бұл болжамның 106,0 %-ы.

Әкім қала экономикасының тұрақты даму динамикасын атап өтті. Кеңес қорытындылары бойынша қала басшысы жыл соңына дейін орындалуы тиіс бірқатар тапсырмалар берді, деп қала әкімдігінде хабарлады.

«Атап айтсақ, Ахметжан Есімов сәйкес министрліктермен бірге газ бен электр негізінде жүретін автокөлікті алу үшін қаржыны қаражаттандыру бойынша заңнамалық өзгертулер енгізуді, жолаушыларға қызмет көрсету сапасына ерекше назар аудара отырып, тасымалдаушы компаниялар санын оңтайландыруды тапсырды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ үстіміздегі жылдың соңына дейін жалпы ауданы 209,7 мың шаршы м. 71 тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз ету, метрополитеннің жаңа «Сайран» және «Мәскеу» екі станциясын іске қосу, үш көлік жолайрығын салуды бітіру тапсырылды.

Сонымен бірге жаңа Наурызбай ауданының перспективалық даму жоспарын жасау тапсырма етілді. Мұнда бірінші кезекте әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым (мектеп, балабақша, емхана, жол және т.б. салу) құру керек.




Яндекс.Метрика