Өңірлер

Тұрғын үй жинақ банкі 5% жылдық мөлшерлемемен қарыз беруді ұсынуда

Тұрғын үй жинақ банкі 5% жылдық мөлшерлемемен қарыз беруді ұсынуда. Бұл туралы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдерінің және риэлторлық компаниялардың қатысуымен өткен конференцияда мәлім болды.
Астана қаласы24 Шілде , 13:53

«Бізде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қолжетімді қарызы бар, ол  үшін белгілі қарыз алатын уақытты күтіп сарылудың қажеті жоқ. Сіздің қолыңызда салымның 50 пайызы болса, 3 жыл немесе 5 жыл күтудің қажет жоқ. Мәселен, егер адам 10 000 000 тұратын мүлік  сатып алғысы келсе оның 50 пайызын енгізу қажет.Демек, алдын ала салым 50 пайызды құрап отыр. Бұл орайда салымшы депозитке 5 000 000 салса банк қалған соманы толықтырады. Біз бірінші салымды қолға беріп 10 000 000 сомасында  8,5 % жыл сайынғы қойылым есептелетін болады. Бұл пайыз алғашқы 3 жыл бойы сақталатын болады. Демек, біз оған жылдық 8,5% пайыз көрсеткішпен қарыз береміз. Депозитке салған 5 млн-ға 2% жылдық жеңілдік пайызы және + 20% мемлекеттік сыйлық қосылады», - деп таныстырылымда айтылды.  

Айта кетерлігі, қарыз беру және қарастыру уақыты 3 жұмыс күнін құрайды. Сондай-ақ, тіркеу үшін кепіл беру арқылы қарыз беру де қарастырылады. Сондай-ақ, қарыз беру сату – сатып алу күні жүзеге аса алады.

 Индира Кауметова




Яндекс.Метрика