Өңірлер

ХҚКО-ға бару уақытын электронды үкімет арқылы алдын-ала брондауға болады

«ХҚКО» РМК халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару уақытын алдын-ала броньдауға кеңес береді, деп байланыс және ақпарат агенттігінде хабарлады.
Казахстан24 Шілде , 14:41

Кезекті броньдау рәсімінің өзі өте жеңіл екендігін атап өту керек, ол электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуын талап етпейді және 3 қадамнан тұрады.

ХҚКО» РМК деректері бойынша жаздың толық емес 2 айының өзінде ғана республиканың ХҚКО-ларына паспорттар мен жеке куәліктер алуға шамамен    300 000 қазақстандық жүгінген екен.

«Құжаттар алуға тілек білдірушілердің мұншалықты көп саны демалыс маусымымен байланысты. Қазір көптеген адамдар паспорттар алуға ХҚКО-ға келеді, себебі шетелге шықпақшы болады. Кейбіреулері алғаш рет жүгінеді, себебі басқа елге бірінші рет шыққалы отыр, енді басқалары құжаттарын ауыстырады, себебі оның қолданылу мерзімі виза алуға жеткілікті емес болып табылады», - деп түсіндірді Айтуғанов.

«Клиенттердің Халыққа қызмет көрсету орталықтарына көптеп ағылуы тамыз айында да күтілуде. Айтуғановтың айтуынша, «тамыз бұл бірінші сынып оқушыларының ата-аналары мекенжай анықтамасын алуға жүгінетін шағы, себебі баланы мектепке қабылдау үшін осы анықтаманы ұсыну қажет болады», - делінген хабарламада.

Аталған қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету орталығында ғана емес, сондай-ақ электрондық үкімет порталында үй компьютері арқылы да алуға болатындығын атап өтеміз. Мекенжай анықтамасын алу рәсімі орташа есеппен бірнеше минуттарға созылады.  




Яндекс.Метрика