Білім беру

2014 жылы БҒМ 34 мыңнан астам білім грантын бөледі (Брифинг бейнебаяны)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі биыл 34 мыңнан астам білім грантын бөледі, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
Нұр-Сұлтан 24 Шілде, 13:22

«Жоғары білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының өтініштерін қабылдау уақыты елдің барлық ЖОО-да 23-31 шілде аралығында. Онда республикалық байқау комиссиясы қадағалайтын болады. Грант иелері тамыз айының басында анықталады», - дейді ол.

Осылайша мемлекеттік тапсырыспен 34 165 грант бөлінген. Соның ішінде 31 135 грант күндізгі оқу түрі бойынша болса, 500-і сырттай бөлім мен дайындық бөліміне берілмек.

Сонымен қатар, 12 мыңнан астам грант техникалық мамандықтарға, 5,5 мыңнан астам педагогикалық мамандықтарға, ал 2,5 мыңы ауыл шаруашылығы мен мал дәрігерлігіне бөлінген.

«Жеңілдік түріндегі мемлекеттік тапсырыстың саны педагогикалық оқу орындарына-3510. Сонымен қатар, олардың арасында жекелеген өңірлік оқу орындары да бар. Қазіргі таңда министрлік тарапынан байқау негізінде мемлекеттік оқыту грантына талапкерлердің қол жеткізе алатын ЖОО тізімі мен саны анықталуда», - дейді вице-министр.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика