ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Талапкерлерді кешенді тестілеу тапсырмалары 30 пайызға жаңарды

19-22 шiлде аралығында Қазақстанда кешендi тестiлеу жүргiзiлдi. Тест сұрақтары 30 пайызға жаңартылған болатын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев мәлімдеді.
Астана қаласы24 Шілде , 13:09

«Біз жыл сайын ҰБТ тестін өзгерткендей өзге емтихандарға жаңашылдық енгіземіз. Орташа есеппен жаңару 30 пайызды құрайды», - деді Әбдиев.

Оның айтуынша, тапсырмалардың өзгеруі оларды қолданудың тазалығына тәуелді, оны барлығы тапсыруға міндетті, дәл солай таңдау пәніне бапйланысты. Орташа есеппен база 30 пайызға жаңарады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы кешенді тестілеуге 84490 талапкер қатысты, тестілеу 42 пунктте жүзеге асты. Қатысушылар атап өткендей, ТКТ барлық ауданда жоғары деңгейде өтті. 




Яндекс.Метрика