Өңірлер

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиелеу процедурасын қарапайым етудің жаңа саясатын өткізеді (ФОТО)

Бүгін елордалық қонақ үйлердің бірінде «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдерінің және риэлторлық компаниялардың қатысуымен конференция өтті. Онда шараға қатысушыларға Банк қызметі, өтінішті рәсімдеу процедурасын қысқарту бойынша несиелеу шарттары мен тарифтік бағдарламасы таныстырылды.
Нұр-Сұлтан 24 Шілде, 13:02

«Бүгін біз жаңа өнімімізді ұсынып, риэлторлармен кездесу ұйымдастырып отырмыз. Сол себепті өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келген кез келген адам бірінші кезекте риэлторға барып, керекті мағлұматын және түрлі жолдарын үйрене алады. Қазіргі таңда халық арасында біздің банктен несие алмау керек деген сынды пікірлер тараған. Дегенмен несиені мемлекеттік бағдарлама бойынша да берілетінін ескеру керек. Біз осы кездесу арқылы мәселені дұрыстап түсіндіруді мақсат етіп отырмыз. Риэлтор дегеніміз банк пен сатып алушылар арасындағы белгілі бір деңгейдегі ағайын іспетті», - дейді «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры  Ерұлан Жамаубаев.

Банктің басқарушы директорының айтуынша, олардың өнімдері барынша арзан және тиімді.

«Біз ипотекалық компаниялармен бәсекелес емеспіз. Біздің өзіміздің тиісті өнімдеріміз бар. Ол нарықтағы бағадан анағұрлым арзан және тиімді. Ипокелық несие дегеніңіз халықтың белгілі бір тобына ғана арналған. Ол үшін өте көп мөлшерде табысыңыз болуы қажет. Сонымен қатар біздің банктің өзінің жинақ жүйесі бар. Ол алдағы уақытта баспана сатып алу мәселесін жоспарлауға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Оның пікірінше, осының барлығы қызмет көрсету мерзімдерінің кемінде 3 есеге дейін азаюына, сонымен қатар «бір терезе» қағидасымен қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек.

«Банк қазіргі таңда қызмет көрсету саласында жаңалықтар енгізу мақсатында түбегейлі шараларды атқаруда. Соның ішінде ақпараттық технологияларды енгізу, электронды үкіметпен бірлесе жұмыс істеу басты назарда», - дейді Е.Жамаубаев.

Индира Қауметова

Фото-Азамат Алиев 





Яндекс.Метрика