Өңірлер

Әділет органдарының 80%-ға жуық қызметі электронды түрде көрсетіледі

Алғашқы жарты жылдықта көрсеткен 6 млн қызметтің 79%-ын әділет органдары электронды түрде көрсетті, деп ҚР Әділет министрлігінен хабарлады.
Астана қаласы24 Шілде , 14:56

Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Әбішевтің хабарлауынша,  әділет департаменті мен басқармалары 574 қызметті уақытылы көрсете білмеген, бұл дегеніңіз комитет бойынша жалпы көрсетілген қызметтің  0,009%-ы.

Әділет министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайымның айтуынша, халық арасында электронды қызметке деген сұраныс артып келеді. Егер өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстыратын болсақ, көрсетілген е-қызмет саны 15%-ға артқан.  Бірінші кезекте бұл заманауи ақпараттық технологияның енгізілуімен, әкімшілік кедергілердің азаюымен және сыбайлас жемқорлықпен күресумен байланысты.




Яндекс.Метрика