Білім беру

Т.Балықбаев: Халықаралық олимпиада жүлдегерлері – Қазақстан ғылымының болашағы

Халықаралық олимпиададан жүлде алған оқушылар Қазақстан ғылымының болашағы екені сөзсіз, дейді ҚР БҒМ вице-министрі Тахир Балықбаев ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 12:50

Балықбаевтың айтуынша, осындай балалардың жеткен жетістіктерінің арқасында біздің еліміз әлемге танылып жатыр. Арнайы дайындықтан өткен осынау оқушылар әлемдік додаларда алдыңғы орындардан көрінбек. Олар Қазақстанның болашағы.

«Астанада физикадан халықаралық олимпиада өтті. Оған әлемнің 88 елінің өкілдері қатысты. Біздің оқушылар онда үш алтын, екі күміс алып, жалпыкомандалық есепте 8-інші орыннан көрінді», - дейді ол.

Оның айтуынша, бұндай жетістік математика пәнінен де көрінген еді, онда оқушылар жалпы көрсеткіште 23 орын алған.

«Биыл бізде шамамен 100 мыңдай мектеп түлегі бар. Соның шамамен 800-і халықаралық түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары. Бұл пайыздық көрсеткішпен 1 пайызды құрайды. орын алған бес оқушының үшеуі өңірлерден келгендер», - дейді.




Яндекс.Метрика