Ұлттың денсаулығы

Денсаулық сақтау министрі жапондық делегатпен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова Халықаралық достық алмасу кеңесінің Орталық Азия елдерімен мәдени және экономикалық алмасу жөніндегі комитетінің жетекшісі, «Сакура Глобал Холдингс» компаниясының басқарма төрағасы Кеничи Мацумото бастаған жапондық делегациямен кездесті, деп АШМ-да хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 11:52

Салидат Қайырбекова Қазақстан мен Жапония арасында берік серіктестік байланыс орнағынын атап өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтар арасында достық қалыптастыруда Халықаралық кеңес жүргізіп жатқан жұмысқа қолдау білдіретінін жеткізді.   

Министр сондай-ақ, қонақтарды «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы хабардар етті.

Бағдарлама іске асырыла бастағалы аурулар ерте кезеңде анықталып, диагностикалау мен емдеудің жоғары технрологиялық әдістерін қолдану аясын кеңейту арқасында өлім-жітімге негізгі себеп боп отырған қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіші 2 есеге азайды.

Отандық және шетелдің білім және ғылым орталықтары базасында еліміздің медициналық және фармацевтикалық мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру бағытында шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, қан айналымы жүй      есі, онкологиялық аурулардың алдын алу, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту сияқты мәселелердің маңызды екенін атап өтті.

Осыған орай, ол Қазақстанның денсаулық сақтау саласында қазақстан-жапон ынтымақтастығын күшейтуге, оның ішінде елімізге инновациялар мен инвестиициялар тартуға, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласында жобаларды іске асыруға мүдделі екенін алға тартты. 

Өз кезегінде жапон делегациясының басшысы Мацумото Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдайды зерттеуге, ана мен бала денсаулығын сақтау, медициналық қондырғыларға қызмет көрсететін операторды даярлауға, сондай-ақ, болашақта «Медициналық форум» өткізу туралы жоспарын ұсынды. 

Мацумото мырза екі ел арасында қарым-қатынасты дамыту мақсатында ынтымақтастық аясы кеңейетініне үміт білдірді.  




Яндекс.Метрика