Халықаралық интеграция

Астанада ақпараттық қызмет жетекшілері ТМД елдерінің аумағындағы тәртіп мәселесін талқылауда (ФОТО)

Астанада ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының орталық ақпарат қызметі жетекшілерінің жиыны өтуде.
Нұр-Сұлтан 24 Шілде, 10:48

«ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының орталық ақпарат қызмет жетекшілерінің жыл сайынғы кездесуі құқық қорғау органдарының ақпараттық қызметі, олардың жұмыс барысында алдынан кездесетін күрделі мәселелерін талқыға салып, аталмыш саладағы үздік тәжірибелермен алмасуға мол мүмкіндіктер ұсынады», - дейді ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының орталық ақпарат қызметтерінің тиімді әріптестік құруы үшін жеткілікті деңгейде құқықтық база құрылған.

«Мұндай кездесулер ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының орталық ақпарат қызметтерінің ынтымақтастықтарын арттырып, ТМД елдеріндегі тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыс деңгейін төмендетуге жол ашады», - дейді ол.

«Дөңгелек үстел» форматымен өткен шарада шекаралық ынтымақтастық мәселесі талқыланып, Достастық елдерінің дактилогистикалық есебін құру мен орындау жайы сөз болды.

Вице-министр сөз соңында ақпараттық қызметтің алдынан кездесетін күрделі мәселелерді шешудегі және алдағы жетілдіру болашағын айқындайтынына осы шараның үлес қосатынына сенім білдірді.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика