2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Жас Star» республикалық студенттер лагерінде бірегей тренингтер басталды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан «Жас Star» республикалық студенттер лагерінде «Көшбасшылық» қасиеттер бойынша бірегей тренингтер басталды, деп хабарлады «Суденттік өзін-өзі басқару және даму одағы» корпоративті қорының баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан 24 Шілде, 11:21

Тренинг қатысушылары  «Жас Star» лагеріне шақырылғандар. Айта кетерлік жайт, олардың басым бөлігі  жыл қорытындысы бойынша түрлі салаларда өздерін көрсете білген, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан жандар.

Ал, тыңдаушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытумен психология ғылымының доктары Лейла Асылбекова айналысуда.

Бұл оқуларда өз-өзін зерттеуге, ашықтық пен өз сезімін еркін білдіруге басты назар аударылған.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық студенттер лагері «Жас Star» 20 шілдедегі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы  «Айгерім-Алакөл» демалу орталығының жанынан ашылды.  Үздік 100 студент «Жас Star» жастарға арналған жаздық лагердің жұмысына атсалысады. Игі шараны «Студенттік өзін-өзі басқару және дамыту одағы» корпоративті қоры мен ҚР БҒМ Жастар істері бойынша комитеті бірлесіп ұйымдастырды.





Яндекс.Метрика