Өңірлер

ШҚО-да кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Экспорттаушының жол картасы» құрылды

ШҚО кәсіпкерлер палатасы экспорттаушы кәсіпкерліктерді қолдаудың жаңа құралы – «Экспорттаушының жол картасын» құрды, деп хабарлайды palata.kz.
Шығыс Қазақстан24 Шілде , 10:31

ШҚО КП-нің экспорттаушы кәсіпкерліктердің мәселелерін жеке бөліп қарастыру туралы шешімінің өзіндік себебі жоқ емес. Өңірде кәсіпкерліктің дамуына кедергісін келтіретін жағдайлармен жиі бетпе бет келетін 100 шақты экспорттаушы кәсіпкерліктер бар.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының жүргізген сараптамасы барысында экспорттаушылардың 30 шақты күрделі мәселелері анықталды. Солардың ішінде ең бастысы сертификаттау, техникалық реттеу, ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімін тасымалдауға қойылған шектеулер, экспорттық лицензияны рәсімдеу, темір жол тасымалдарының жоғарғы құны мәселелері.

Бүгінге дейін «КЭМОНТ» АҚ, «Өскемен конденсат зауыты» ЖШС, «Шығысагрохолдинг» ЖШС, «Қаражыра ЛТД» ЖШС мен өзге де кәсіпкерліктер бойынша 18 карта дайындалып, іске асырылды.

Айта кету керек, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірігіп аталмыш мәселенің шешімімен айналысады.




Яндекс.Метрика