Өңірлер

ШҚО-да «Шағын бизнес үшін 100 жоба» анықтамасы таныстырылды

Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлер үшін «Бизнес-кеңесші» тренингін өткізу шеңберінде «Шағын бизнес үшін 100 жоба» анықтамасын таныстырылды, деп ШҚО ақпараттық орталывғы хабарлады.
Шығыс Қазақстан24 Шілде , 10:16

Анықтама егжей-тегжейлі іске асыру тетіктері көрсетілген тізбені қамтиды. Жобаларды сипаттау қаржы есептерімен, өнім өндіру технологиясымен, бизнеске қажетті аспаптар мен техниканы сипаттаумен; нарықты маркетингтік талдаумен, сондай-ақ бизнес бастау үшін қаржыландырудың барлық ықтимал көздерін шолумен сүйемелденеді.

Кездесу соңында олардың әрқайсысы бір-бір данадан кітап алды. Сондай-ақ тұсаукесер барысында палата өкілдері «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының 2014 жылға арналған «Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» төртінші бағытын іске асыру жайында сөз қозғады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы экономиканың барлық секторларындағы шағын және орта бизнестің кәсіпкерлеріне тегін қызмет көрсететінін атап өткен жөн.




Яндекс.Метрика