Өңірлер

СҚО әкімі Тайынша ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапары барысында Тайынша ауданының тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан24 Шілде , 09:31

Аудан әкімі Серік Салтықов облыс басшысына аудан бюджетінің орындалу көрсеткішінің 2,1 млрд теңге болғанын айтты. Биылғы жыл бюджетін игеру деңгейі төмендегідей: «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 98,4 млн теңге, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 33,4 млн теңге. Дегенмен экономикалық өсім көрсеткіштерінің қанағаттандырарлық емес екені де айтылды. Оның үстіне кәсіпкерлік саласында белсенді шағын кәсіпкерліктердің саны 7,2 пайызға төмендеген.

Е.Сұлтановтың айтуынша, жұмыс қарқынын төмендетуге болмайды. Дамыған елдердің бюджетінің  90 пайызға жуығы кәсіпкерліктен түсетіні анық.

 «Сонымен қатар «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал басын көбейту жағы ақсап тұр. Мемлекеттің қолға алып жатқан бағдарламаларынан аудан бейхабар секілді. Облыстық құрылым жетекшілеріне күн тәртібіндегі мәселелерді реттеу бойынша нақты шешімдер қабылдауды тапсырамын», - деді облыс әкімі.

Облыс басшысы жұмыс сапары барысында 11 мың ауыл тұрғынына медициналық қызмет көрсетіп отырған Келлер дәрігерлік амбулаториясында болды. Медициналық қызметтерді көрсетуге мұнда барлық қажетті құрылғылар бар. Флюро және тәс дәрігерлік кабинеттері, клиникалық және бактериологиялық зертханалар мен өзге де құрылғылар бар. Мекемеде 4 дәрігер мен 25 медбике жұмыс істейді.

«Жалпы, аурухананың жұмысы жаман емес. Барлық көрсткіштерге көңіл тоярлық. Туберкулезге шалдығу деңгейінің 50 пайызға азайғаны айтылуда», - дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар, әкім «Тайынша жылу» қазандығының да жұмысымен танысты. Ол жерде жылыту маусымына дайындығын тексерді. Қазіргі таңда онда 7 мыңнан астам көмір сатып алынып қойылған. Қазандық қаланың 300-ден артық үйіне жылу береді.

«Жергілікті тұрғындар облыс басшысымен кездесу барысында мал шаруашылығын қаржыландыруға қатысты бірқатар сауалдарын да қойды», - делінген әкімдік хабарламасында.




Яндекс.Метрика