Өңірлер

Бас прокуратурада сот өндірісінің жаңа моделіне көшудің бірыңғай жоспары талқыланды

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Өкіміміен бекітілген Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық жиналыс болып өтті, деп Бас прокуратурада хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Шілде , 09:01

Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері, сондай-ақ қорғаныс, ішкі істер, әділет, қаржы, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктердің, Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Бас Прокурор атап өткендей, Бірыңғай жоспарға сәйкес құқық қорғау органдарына қырықтан астам іс-шаралар жүктелген және сәйкес бөлімдерді бұлжытпай орындау жауапты мемлекеттік органдардың маңызды және бірінші кезектегі міндеті болып табылады.

Жиналыс барысында жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері берілген тапсырмалардың орындалу жағдайы туралы ақпараттандырды. Проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары айқындалды.

А.Дауылбаев жауапты тұлғалардың есептерін тыңдап болған соң Бірыңғай жоспардың бөлімдерін орындауды жылдамдатуды тапсырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытынан кешіктіріп орындаған жағдайда жауапкершілік болатыны туралы ескертті.

 




Яндекс.Метрика