2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Алғашқы жарты жылдықта Қарағанды облысында 5 325 жас жұмысқа орналастырылды

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе дайындаған Қарағанды облысы жастарының төлқұжатын таныстыру рәсімі болып өтті, деп партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды24 Шілде , 09:16

Жастар төлқұжатында әлеуметтік салаға, оның ішінде демография, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, мәдениет, спортқа  айтарлықтай көңіл бөлінген.

Жалпы, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қарағанды облысындағы жастардың үлесі 25,9 % көрсетіп, 352 920 адамды құрады. Яғни, өңірдің әрбір төртінші тұрғыны – жастар.

2013 жылы жұмыспен қамту органдарына 18 мың жас азамат тіркелген болса (оның ішінде 4100 адам ауылды жерлер тұрғындары), соның 15 200-і жұмыспен қамтылды.

"Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 5 325 жас жұмысқа орналастырылды", - дейді облыстық Жастар саясаты басқармасының басшысы Мирас Құттыбай.

Жастардың басым бөлігі Қарағанды және Теміртау қалалары мен Бұқар жырау ауданына шоғырланған.

Алдағы уақытта Қарағанды облысы жастарының құжаты тоқсан сайын жаңарып және жастар мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға уақтылы көңіл бөлініп және шешіліп отырады.




Яндекс.Метрика