Өңірлер

«Самұрық-Қазына» қоры жыл соңына дейiн 64 нысанды жеке cекторға шығарады

«Самұрық-Қазына» қоры жыл соңына дейiн 64 нысанды жеке cекторға шығаруды жоспарлап отыр, деп «Самұрық-Қазына» АҚ активтер мен нысандарды сату жөнiндегi комиссияның отырысы барысында компания басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова ағынан жарылды.
Нұр-Сұлтан23 Шілде , 17:13

««Жоспар бойынша жыл соңына дейiн 64 нысан сатылуы тиіс. Әзірге кестеден қалған жоқпыз. Біз 2014 жылға белгiленген жоспарды орындаймыз деген сенімдеміз», - деді Е.Бахмутова.

«Қазіргі таңда баға бағалаушылардың болжамы бойынша қойылуда. Айта кетерлік жайт, алғашқы баға тәуелсіз бағалау негізінде қойылады.  Ал, аукциондар ағылшындардың немесе голондиялық әдіс бойынша жүргізіледі», - деп ол өз ойын толықтырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкiметi 2014-2016 жылдардағы жекешелендiрудiң кешендi бағдарламасын жасағаны белгiлi. Осы орайда Қордың 106 активi мен нысаны сатылады. Бағдарлама мемлекеттiң ел экономикасындағы қатысын азайтып, жеке сектордың үлесiн арттыру арқылы экономиканы күшейтудi көздейдi.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика