Халықаралық интеграция

Алматыда жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау бойынша ТМД елдері кеңесінің XVIII сессиясы өтеді

Алматыда ағымдағы жылдың 1-3 тамыз аралығында жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау бойынша ТМД елдері арасындағы мемлекетаралық кеңестің XVIII сессиясы өтеді, деп хабарлады Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті.
Алматы қаласы23 Шілде , 17:53

Кеңестің негізгі мақсаты -  жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау мақсатында ТМД елдері арасында байланысты нығайту, Қауымдастыққа мүше мемлекеттер  арасындағы қызметтің тиімділігін арттыру  болып табылады.

Айта кетерлік жайт, елдер арасындағы өзара байланыстың және өндіріс өсімінің негізгі көрсетікіші - геология және жер қойнауын игеру саласындағы ғылыми техникалық серіктестік.

Естеріңізге сала кейік, жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау бойынша ТМД елдері арасындағы мемлекетаралық Кеңес 1997 жылы 27 наурызда құрылды. Оның құрамына ТМД-ға мүше 9 мемлекет кірді.




Яндекс.Метрика