Өңірлер

«Берешек» компаниялардың кедендік төлемдерінің 1 млрд 400 млн теңгесі қайтарылды - КБК

Кедендік бақылау комитеті тарапынан кедендік төлемдерден жалтару деректері анықталды. Тексеріс барысында 1 млрд 900 млн теңге берешек анықталып, қазіргі таңда соның 1 млрд 400 млн теңгесі қайтарылды. Бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетіндегі брифингте ҚР КМК Кедендік бақылау комитетінің Контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасары Ерден Жұма мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Шілде , 16:45

«Тексерістің нәтижесінде компаниялардың 1 млрд 900 млн теңге көлеміндегі мемлекет бюджетіне қарызы анықталды. Олар тауарларды кедендік тазарту кезіндегі кедендік төлемдерді төлемеу нәтижесінде жинақталған. Қазіргі таңда аталмыш соманың 1 млрд 400 млн теңгесі қайтарылды», - дейді.

Оның айтуынша, кедендік төлемдерден жалтару дерегі 4 компанияда анықталған. Олар Қытайдан Қазақстанға халықтық тұтыну тауарларын тасымалдаған.

«Кедендік бақылау комитетінің жүргізген сараптамасы мен тексерісі нәтижесінде 2013 жылы ҚХР-дан Алматы облысымен халықтық тұтыну тауарларын тасымалдаған төрт компанияның кедендік төлемдерден жалтару деректері анықталды», - дейді Е.Жұма.

Айта кету керек, қазіргі таңда осы сынды өзге де деректерді анықтау жұмыстары жүргізілуде. Кедендік бақылау комитетінің Контрабандамен күрес басқармасы тарапынан ірі тұрақты каналдарды анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика