Өңірлер

Талдықорған қалалық сотында медиация кабинеті ашылды

Талдықорған қалалық сотының ғимаратында медиация кабинетінің ашылу рәсімі өтті, деп Алматы облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы23 Шілде , 18:14

Ашылу рәсіміне Халықаралық құқық қорғау орталығының президенті Ж.Ә. Жақыпов, Талдықорған қалалық сотының судьялары, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судялары, кәсіби медиаторлар мен бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.

«Бітімгершілік рәсімдердің басты мақсаты – тараптарды бір бітімге шақыру. Медиатор ешкімге төрелік айтпайды және шешім шығармайды, ол тек тараптардың бір шешімге келуіне көмектеседі», -  деді шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Ж.А.Жақыпов.  

Кездесу барысында «Сот медиациясы» пилоттық жобасы және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілгелі отырған өзгерістер туралы пікірталас орын алды.

 




Яндекс.Метрика