Өңірлер

«Самұрық-Қазына» қоры заңдастыру жоспары аясында 2 активті сатып жіберді

«Самұрық-Қазына» қоры 2014-2016 жылдарға арналған заңдастыру жоспары аясында екі акивті сатып жіберді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ активтер мен нысандарды сату жөнiндегi комиссияның отырысы барысында компания басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мәлiм етті.
Нұр-Сұлтан23 Шілде , 16:34

«Жекешелендiру бағдарламасы аясында екi активтiң сатылғанын да атап өту керек. Олар: «Қазақстан Инжиниринг» ҰК еншiлес компаниясы «МХ-Секьюрити» ЖШС және «ҚазМұнайГаз» ҰК еншiлес компаниясы «Ecomaster servici Ecologice SRL», - дедi  сөз басында Е.Бахмутова.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Үкiметi 2014-2016 жылдардағы Жекешелендiрудiң кешендi бағдарламасын жасағаны белгiлi. Осы орайда Қордың 106 активi мен нысаны сатылады. Бағдарлама мемлекеттiң ел экономикасындағы қатысын азайтып, жеке сектордың үлесiн арттыру арқылы экономиканы күшейтудi көздейдi.

«Жоспар бойынша жыл соңына дейiн 64 нысан бар. 2014 жылға белгiленген жоспарды орындауды көздеп отырмыз. Уақыт аз болғандықтан, бұл жұмысты тездетiп жатырмыз», - деп қосты Е.Бахмутова.

Отырыс нәтижесiнде комиссия 2014 жылғы тамыздағы активтер мен нысандарды сатудың жоспар-кестесiн бекiтiп, осы уақыт iшiнде «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдарынан жеке секторға шығарылатын 15 компанияны белгiледi.

«Жалпы, біз бағалау, бекіту сындық  барлық жұмыстарды тамыз айында бітіруді көздеп отырмыз. Егер олар ЖШС болатын болса онда олар құрылтайшыларына ұсынылады. Ал, олар бас тартып жатса онда аукцион өткізіледі. Сонымен қатар бұларды саудаға еншіліс компаниялар өздері шығарады себебі олар компанияның иегерлері болып табылады», - деп түйіндеді Е.Бахмутова.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика