Өңірлер

Алматыда су тасқыны қаупі жоқ – әкімдік

Бүгін Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов Медеу тау шатқалына тікұшақпен кезекті іс сапарын өткізді, деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы23 Шілде , 17:07

 Іс шараға әкімнің орынбасары Юрий Ильин және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар бойынша департаменті мен «Қазселденқорғау» ММ жетекшілері қатысты.

Қала басшысы 17 шілдеде Талғар өзенінде болған селдің зардаптарын жою жұмысымен танысты. Бұл өзен Алматы қаласының ауыз су көздерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ Ахметжан Есімовке №6 және №13 көлдердің жағдайы мен Үлкен Алматы шатқалындағы жағдай жөнінде баяндалды.

«Қазселденқорғау» ММ Алматы аймақтық эксплуатациялық-техникалық басқармасының директоры Талғат Тәжібаев қазіргі уақытта Алматы үшін сел қаупі жоқ екенін айтты.

Қала әкімі Беделбай мен Батарейка өзендерінің селден қорғайтын құрылыстарын қарап шығып, Медеу-Шымбұлақ аспалы жолының тіректері мен құлама жарларды бекіту жұмыстарымен танысты.

Іс сапар қорытындысы бойынша Ахметжан Есімов №6 және №13 көлдердің жағдайын бақылауды күшейтуді тапсырды.

 




Яндекс.Метрика