Адами капитал

5 ай ішінде Астана халқының саны 17,5 мыңға артты

5 ай ішінде Астана халқының саны 17560 артып, 831995 адамды құрады,деп Астана қаласының Статистика департаменті хабарлады.
Нұр-Сұлтан23 Шілде , 16:12

5 ай ішінде Астана халқының саны 17560 артты. Халықтың табиғи өсімі - 8128 адамды, көші-қон ағыны  9432 құрады, деп Астана қаласының Статистика департаменті хабарлады.

«2014 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда Астана қаласының саны 17560 адамға артты», - делінген хабарламада.  

2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың жалпы саны  17560 адамға, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша – 7023 адамға, «Есіл» ауданы бойынша  –  4747 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша – 5790 адамға көбейді.

2014 жылғы қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі – 8128 адамды, көші-қон өсімі – 9432 адамды құрады.

2014 жылғы қаңтар-мамырда жалпы Астана қаласы бойынша 9591 туылғандар тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға артық. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,3%-ға көтерілді және 8128 адамды құрады.

Халық өлімінің негізгі себептер топтарының арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары – 36,0%, өскіндер – 21,7%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану – 11,3% алады.

2014 жылғы қаңтар-мамырдағы АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға, ажырасулар саны 8,0%-ға өсті.




Яндекс.Метрика