Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«Жасыл ел» еңбек отрядтары Астана маңайында көгалдандыру акциясын өткізеді

Астана қалалық студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары штабы Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен көгалдандыру мен қала жағдайын жандандыруға бағытталған «Орман және бақша айлығы» акциясын ұйымдастыруда.
Нұр-Сұлтан23 Шілде , 19:43

Акцияға студенттік құрылыс және  «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары, «Астана орманы» ЖШС мамандары қатысады. 

Акциямыздың мақсаты республикалық «Жасыл ел» бағдарламасының өріс алуы, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін тәрбиелеу, тазалық сақтау мен Қазақстан қалаларын көгалдандыруға баса назар аудару болып табылады.

Бұл акцияның міндеті - адамдырдың өмірі мен денсаулығы сапасының жақсаруына кепіл болар орман алқабының жағдайын жақсарту, тазалықты сақтау. 

 

 




Яндекс.Метрика