Адами капитал

Павлодар облысының ҚХА-сы қайырымдылық концерттер өткізеді

Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық концерттер өткізеді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Славян мәдени орталығының төрағасы Татьяна Кузина мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 23 Шілде, 14:30

«Біз Ассамблеямен өте көп айналысамыз. Біз түрлі қайырымдылық концерттер ұйымдастырамыз. Оларға сол концерттен түскен табысты көмек ретінде берілетін адамдарды шақырамыз және мұндай шараларға облыстың барлық шығарамшылық ұжымдары атсалысады. Сонымен қатар шара барысында біз арнайы ақша салатын жәшік қоямыз. Бұл жәшікке кем дегенде 200 теңге салу керек деп те қадап айтамыз. Концерттің  қорытындысында бұл қаржыны үш адамнан тұратын есептік комиися есептеп,  тиесілі жандарға сахнаға береді», - деді Славян мәдени орталығының төрағасы Татьяна Кузина.

Оның айтуынша Павлодар облысында ҚХА 5 қайырымдылық концертін өткізді және дәл сол жерге көмекке мұқтаж елдердің жеке есеп шотының номеріде берілді. Көмек қолын созамын деушілерге бұл тікелеу қаржы аударуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, мұндай көмекті аз қамтамасыз етілген отбасының мүшелеріне немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға кәсіпкерлерде көрсете білді.

«Бізде өз алдына жеке кәсібі бар және дәл осындай жандарға көмектесуге мүмкіндігі бар жандар жеткілікті. Осы ретте біз олармен тығыз жұмыс істеудеміз», - деп ол түйіндеді.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика