Өңірлер

БҚА-да әуежай мен ҚТЖ қызметіне жеңілдік жасау мүмкіндіктеріне қатысты жиын өтті

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде төраға орынбасары Әлиақпар Матишевтің жетекшілігімен реттелмелі нарық доминанттары субъектілері қызметіне жеңілдік беру мүмкіндігі мәселесі бойынша жиын өтті. Оған мемлекеттік орган мен темір жол транспорты мен авиация саласындағы нарық субъектілерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ведомство.
Нұр-Сұлтан23 Шілде , 15:02

Жиынның мақсаты – әуежай мен «ҚазақстанТемірЖолы» ҰК» АҚ қызметтеріне жеңілдік жасау мүмкіндіктерін қарастыру.

Агенттіктің хабарлауынша, темір жол саласының экономикалық дамуына тосқауыл боп отырған басты мәселелердің бірі тасымалдау процесі құрылымдарының ЕАЭО туралы Келісімде қарастырылған жеңілдіктерді ұсыну мүмкіндіктерінің болмауы. Жиында айтылғандай, РФ тарифтік органы нарық субъектілеріне осынай құқық беру мақсатында өздерінің заңнамаларына тиісті өзгертулерді енгізді.

Жиын барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, «ҚазақстанТемірЖолы» ҰК» АҚ, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ өкілдерінің аталмыш мәселеге қатысты пікірлері ортаға тасталды.  

Шарада Ә.Матишев Бәсекелестікті қорғау агенттігінің монополияға қарсы заңнама нормаларының пәніне табиғи монополиялар саласындағы қызметтерге әуежайлар тарапынан реттеушілік шаралар қабылдайтын ТМРА белгілерімен сараптама жасағанын айтты.

«Жиын қорытындысы бойынша, икемді тарифтік саясат енгізу мүмкіндіктерінің шарттарын құру мақсатында ҚР Үкіметіне темір жол тасымалы қызметінің тарифын өзгерту бойынша Методология дайындау ұсынысын жөнелту туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика