EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған шетелдік тауарлар кедендік баж бен салықтан босатылды

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге арналған Кедендік одақ шекарасынан өткізілетін шетелдік тауарларға арнайы кеден рәсімі енгізілді, деп «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ хабарлады.
Нұр-Сұлтан23 Шілде , 13:07

Еуразия Экономикалық Кеңес Комиссиясының 10-шы отырысында тауар категорясының тізіміне өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістерге байланысты бірқатар тауарларға арнайы кеден рәсімі енгізілуі мүмкін.

Яғни, бұл Кедендік одақ шекарасынан өткізілетін шетелдік тауарларды кедендік баж бен салықты төлеусіз орнықтыруға, сонымен қатар бейтарифтік реттеу өлшемін  қолданбауға жол береді. Бұл тауарлар «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырыған көрмесіне арнайы кедендік рәсімімен ұйымдастыруға және өткізуге арналған шешім.

Аталмыш шешімді қабылдаудың басты мақсаттарының бірі  - бүкіл жоба шығындарын  арзандатуға талпыну. Нәтижесінде көрмеге шетелдік қатысушылардың құжаттарын кедендік рәсімдеу үрдісі айтарлықтай оңтайлана түседі.  

Бұл тауарлар арнайы кеден рәсімінен «ЭКСПО-2017» мамандырылған көрмесі аяқталғаннан соң, 6 айдан аспайтын мезгілде алынады. Сонымен қатар, тауарларды  коммерциялық мақсатта қолдануға жол берілмейді.

 

 




Яндекс.Метрика