Өңірлер

Статистика: 2013 жылы 6,8 млн шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

2013 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2 439,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 3,5%-ға көбейді, деп ҚР Статистика агенттігінде хабарлады.
Казахстан 23 Шілде, 13:57

2013 жылы Республикада барлық қаржыландыру көздері бойынша жалпы алаңы 6,8 млн. шаршы метр құрайтын 24 669 тұрғын үй пайдалануға беріліп, оның 58,5 мың пәтері пайдалануға қабылданды.

«Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде едәуір үлес салмағының көлемін 688,8 млрд. теңгені (28,2%) құраған ғимараттарды салу бойынша жұмыстар алды», - делінген хабарламада.

2013 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 46802 оқушы орнына арналған 120 жалпы білім беретін мектеп, 14204 орынға арналған 93 мектепке дейінгі мекеме, ауысымында 14204 келіп кетушіге арналған 153 амбулаториялық-емханалық мекеме және 850 төсек-орындық 4 аурухана пайдалануға берілді.





Яндекс.Метрика