Ұлтаралық бірлік

Павлодар облысында 80 этностың өкілі тұрады (ФОТО)

Павлодар облысында 80 этностың өкілі өмір сүреді. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiндегi брифинг барысында Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпiсбаев мәлiм етті.
Нұр-Сұлтан 23 Шілде, 12:51

«Павлодар облысында 80 этностың өкілі өмір сүреді. Ал, павлодарлық ҚХА 1995 жылы құрылды. Н.Назарбаев атап өткендей келері жылы ҚХА жылы және біздің 20 жылдық мерейтойымыз», - деді С. Жетпісбаев.

Сонымен қатар, ол, Павлодар облысының Ассамблеясының құрамына 23 этномәдени бірлестік           кіреді, деп атап өтті.

«Павлодар облысының Ассамблеясының құрамында 23 этномәдени бірлестік бар. Олар сонымен қатар, қалалар мен аудандарда да бар. Барлығы бізде 50 бірлестік жұмыс істейді. Біздің арамыздағы байланыс өте тығыз және түрлі үйірмелеріміз бен арнайы кеңестерімізде жоқ емес», - деп атап өтті С. Жетпісбаев

Бұдан басқа, С. Жетпісбаев мега жоба «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасына» тоқталды.

«Елбасының ҚХА ХХІ сессиясында ерген тапсырмасын орындау мақсатында Павлоарда мега-жоба іске қосылды. Оның аясында аудандар мен қалаларда, ауылдарда түрлі кездесулер өткізіліп, халықтың ауызбіршілігін нығайту мақсатында түрлі шаралар өткізілуде», - деп баса айтты С. Жетпісбаев.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика