Инфрақұрылымның дамуы

Жыл соңына дейін Алматы-Талдықорған автожолының 10 километрі тапсырылады – ККМ

Бүгінгі күнге бұл жолда көлемі 3,5 млн. куб метр топырақ жұмыстары орындалды, 10 км бойында асфальт-бетоннан, 29 км бойында цемент-бетоннан жамылғының төменгі қабаты төселді, деп көлік және коммуникация министрлігі хабарлады.
Алматы23 Шілде , 14:46

Алматы-Талдықорған автожолының жалпы ұзақтығы 245 км. Қазіргі уақытта жұмыстар жолдың өн бойында жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 9 мердігер аомпания тартылғанын атап өткен жөн. Жыл аяғына дейін10 км жолды пайдалануға беру жоспарлануда.

«Автожол бойындағы жұмыстармен ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев танысып өтті. Сапар барысында ол кеңес өткізді. Вице-министр мердігерлік ұйымдар басшыларына жұмыс қарқынын арттыру, сонымен бірге учаскенің өн бойында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді», - делінген хабарламада.   

Қайта салу жұмыстары аяқталғаннан кейін 2016 жылы «Алматы-Талдықорған» жолы төрт жолақ етіліп кеңейтіледі де І техникалық категорияға жатқызылатын болады.  




Яндекс.Метрика