Энерготиімділік

Павлодар облысында ағымдағы жылы 1000 жылу есептегіш құралы орнатылады

Үйге ортақ жылу есептегіш аспаптарын орнату тетіктерін насихаттау жөніндегі өңірлік даму министрлігінің арнайы көшпелі жұмыс тобы Ақтөбе және Павлодар облыстарына барды, деп ведомствода хабарлады.
Казахстан23 Шілде , 12:32

«Павлодар және Ақтөбе қалаларының әкімдіктерінде кеңес өтті. Кеңеске Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің өкілдері, облыс әкімінің орынбасарлары, қалалар және аудандардың әкімдері Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе және Павлодар облыстары бойынша департаменттері қатысты», - делінген хабарламада.

Кеңесте жылу есептегіш аспаптарын орнату тетіктері жөніндегі мәселелер талқыланды. Сонымен, қазіргі уақытта 192 көп қабатты тұрғын үйлерде үйге ортақ жылу есептегіш аспаптары орнатылды. Облыс қалаларының тұрғын үй қорында жалпы үйге ортақ жылу есептегіш аспаптарын орнатуда жалпы қажеттілік 2209 бірлікті құрайды, оның ішінде Павлодар қаласында - 1057 бірлік, Екібастұз қаласында - 772 бірлік, 

Ақсу қаласында – 380 бірлік. Ағымдағы жылы 1000 жылу есептегіш құралын орнату жоспарлануда, оның ішінде Павлодар қаласында - 700 бірлік, Екібастұз қаласында – 300 бірлік.

Ақтөбе қаласында 236 жылу энергиясын есептегіш құралдары орнатылды, облыстың тұрғын үй қорының жалпы қажеттілігі 1118 бірлікті құрайды. Ең үлкен жылу үлесінің салмағы бар және жеке жылу пунктері бар үйлер басым сипаттағы үйлер болып табылады.

Одан әрі жұмыс тобы бірқатар көп қабатты тұрғын үйлерді аралап, онда тұрғындар мен пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерімен кездесудің барысында жылу есептегіш аспаптарын орнату тетіктері жөнінде жылу энергиясын есептегіш аспаптарын орнатудың барлық ерекшеліктерін түсіндірді. 




Яндекс.Метрика