Халықаралық интеграция

Петропавлда СҚО мен Түмен облысы арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың Түмен облысының делегатымен кездесуінде өңіраралық әріптестік мәселесі талқыланды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан23 Шілде , 11:21

Облыс басшысының айтуынша, бүгінде интеграциялық процестер аясында СҚО мен Түмен облысы арасындағы кооперацияны күшейтудің қолайлы шарттары ұсынылып отыр. Облыстағы инвесторларға арналған климат барынша оңтайлы. Республикалық және өңірлік деңгейде әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, кездесуде әкім өңірдегі кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Сыбаға» және өзге де бағарламалар аясындағы мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы іске асырылып жатқанын айтты. Жалпы, соңғы 4,5 жылда 2,5 мың кәсіпкер 14 млрд теңгенің қолдауына ие болды.

«Ынтымақтастық бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктеріне тоқталар болсақ, мысалға, ресейлік компаниялармен бірге біз көлік және мұнай, газ машина құрылысы саласында тығыз байланыс орнаттық. Экспортымыздың дәстүрлі бағыттарынан (астық, ұн, макарон өнімдері) бөлек Ресей нарығында біздің полиэтилен тұрбалары, отандық өндірушілердің электроизоляциялық материалдары үлкен сұранысқа ие. Жер қойнауын пайдалану саласында кен орындарын игеру жобаларын іске асыру мүмкіндіктері бар», - дейді әкім.

Айта кету керек, өңірлер арасындағы осынау ынтымақтастық Түмен облысының делегаттарының түрлі салалардағы (машинақұрылысы, құрылыс индустриясы, туризм мен сауда) ұсынған қызметтерінің арқасында беки түспек.

Сол себепті кәсіби мүдделерге сай Түмен облысы делегаттараның мүшелері СҚО өндірістік нысандарын аралап, өңіраралық ынтымақтастықтың жемісті боларына көз жеткізді.




Яндекс.Метрика