2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Сәтті қадам» жобасының жаңа кезеңі басталды

Бүгін еліміздің барлық аймақтарында жастардың тәжірибеден өтуін ұйымдастыратын «Сәтті қадам» партиялық жобасының жаңа кезеңіне қатысуға құжаттарды қабылдау басталады, деп «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан23 Шілде , 10:51

Жас мамандар қолына диплом тиген соң біраз уақыт жұмыс іздеп, уақыт жоғалтады. Мәселенің маңызын бақылай келе, жастардың өтінішіне байланысты, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» ЖҚ жоғары оқу орындарының түлектеріне тәжірибеден өтуін ұйымдастыратын «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асырды.

Аталған жобаның қатысушылары келесі ұлттық компанияларда, орталық және жергілікті органдарда тәжірибеден өтуге мүмкіндіктері бар: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ,  «ЭКСПО-2017» ҰК», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Астана Innovations» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АО, «Ұлттық медицина холдингі» АҚ,  «ҚТЖ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесі мен 23 тамызы аралығында «Сәтті қадам» жобасына қатысуға ниет білдірушілердің құжаттарын қабылдау басталады.

«Жобаның жұмысы барысында 1500 үміткерден ұсыныс түсіп, олардың ішінен 330-ға жуығы еліміздің алдыңғы қатарлы компаниялары мен мемлекеттік ұйымдарында тәжірибеден өтуге бағытталған болатын.  Тәжірибе қорытындысы бойынша жұмысқа орналасқан адам саны -45», - делінген хабарламада.  




Яндекс.Метрика