Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанда бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін барлық жағдай жасалған - кәсіпкер

Облыстың бизнес-қауымдастығы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын толығымен қолдайды. Сондай-ақ, өзінің тарапынан экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті өнімді өндіріп, қызмет көрсетуге барын салады, деп атап өтті Ақтөбе облысының аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов.
Ақтөбе23 Шілде , 10:34

«Ақтөбелік бизнес-қауымдастық атынан Елбасына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына қолдау көрсеткені үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Енді бизнес өз проблемаларын ашық айта алатын, бастамаларына қолдау таба алатын немесе кейбір салалардың жақсаруына атсалысатын жеке органы бар», - деп атап өтті И. Салжанов.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік жылдары отандық бизнестің саңлақтары қалыпттасты. Олар бүгінде тек ел экономикасының дамуына ғана емес, әлеуметтік саланың дамуына да тың серпін беріп келеді.

«Осы мақсатта біздің өңірімізде осыдан екі жыл бұрын басталған «Көркейе бер, туған жер!» акциясы жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен өткізіліп келеді. Бұл бастаманы аймақ басшысы көтерген болатын. Игі шараны 4 мың кәсіпкер қолдап, 4 млрд. теңгеден астам қаражатқа әлеуметтік нысандарды, инженерлік жүйелерді ретке келтіріп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді», - деді ол.

Сонымен қатар, ол, ШОБ дамыту мәселелері «Қазақстан-2050», стратегиясында көрініс тапқанын атап өтті.

«Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін мемлекет басшысының арнайы Жарлығы шықты. Бұл өз кезегінде үлкен қадам болды. Жалпы, бүгінде облыстың бизнес-қауымдастығы Қазақстанның әлемнің  дамыған 30 елінің қатарына кіру жоспарын толығымен қолдайды. Сондай-ақ, өзінің тарапынан экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті өнімді өндіріп, қызмет көрсетуге барын салады», - деп түйіндеді Салжанов.




Яндекс.Метрика