Халықаралық интеграция

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Франция Елшісімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьенмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан22 Шілде , 17:54

Кездесу барысында Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі жайттары, соның ішінде әскери-техникалық  саладағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.  

Сонымен қатар, тараптар Франция Президенті Ф.Олландтың біздің елімізге 2014 жылдың екінші жартысына жоспарланған ресми сапарына әзірлік мәселесін қарастырды. 




Яндекс.Метрика