Адами капитал

СҚО-да мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге бизнестерін дамыту үшін арнайы грант берілді

Байқаудың бірінші айналымының жеңімпаздары және 200 мың теңге грантының иегерлері: Берік Рахымжанов, Салтанат Қарағожина мен Кенесары Жолдаяқов атанды.
Солтүстік Қазақстан22 Шілде , 19:06

«Бұл жоба менің тігін шеберханамды одан ары дамытуда бірегей мүмкіндік. Мен адамдарға көмектесуге, қоғамға пайдамды тиігзуге ұмыталамын», – деді жеңімпаз Берік Рахымжанов.

Салтанат Қарағожина 55 жаста, бала кезінде бел омытрқасынан ауыр жарақат алған. Көп жылдар бойы тігін цехында пішуші болып жұмыс істеген. Енді міне ол өз алдына жеке кәсібін ашпақшы. Жеңіп алған қаржысына ол тігін машинасын сатып алатын болады.

Ал, Кенесары Жолдаяқов 64 жаста, ол бес жасынан бастап естімегендіктен мүгедектік алған. Бүгінде Есіл ауданындағы мүгедектердің қоғамдық қорын басқарады.  Ол өзінің жеңіп алған грант қаражатын құрылыс материалдары мен қажеттті құралдарды сатып алуға жұмсамақшы. Ол осылайша мүгедектерге қозғалуына ыңғайлы құрылғыны жасайтын болады.

Еске сала кетсек, «Жұлдыздарға қара» байқауға түсетін жоба. Оның мақсаты - кімнің жобалары өзекті және қызықты болып табылатын, ары қарай болашағы бар бизнес-идеяларды ұсынған жас кәсіпкерлерді қолдау, мүгедектерге материалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жаңа жұмыс орындарын құруға көмектесу.

Жоба қатысушылары - өзінің бизнесін бастағысы келетін немесе жетілдіруге ұмтылатын мүмкіндіктері шектеулі жандар.

Айта кетер жайт, «Құс жолы» корпоративті қайырымдылық қорының «Жұлдыздарға қара» жобасы 2005 жылдан бастап жүзеге асуда. 2012 жылдан бастап жобаға «Даму-Көмек» бағдарламасымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры серіктес болды. Ағымдағы жылы «Жұлдыздарға қара» байқау жобасы Қазақстанның 16 аймағында жүзеге асуда және мүмкіндіктері шектеулі жандарды қолдауға бағытталған.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ әзірлеген мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдаудың «Даму-Көмек» бағдарламасы «Даму» қорының 2009-2013 жылдарға арналған стратегиялық даму аясындағы шаралардың қисынды жалғасы болып табылады.

Аталған Бағдарламаның шеңберінде «Даму» қоры жұмыс істеп жүрген және істерін жаңа бастаған, бизнесін жүргізуде немесе ашуда белгілі бір проблемалары бар мүгедек кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастама танытқан мүгедектердің мәселелерін шешу үшін шынайы мүмкіндіктері бар ұйымдардың, соның ішінде жеке тұлғалардың арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.




Яндекс.Метрика