Өңірлер

12 түрлі экономикалық қылмысқа рақымшылық жасалады – Бас прокуратура

Қылмыстық кодекстің жетінші бабындағы экономикалық қызмет саласындағы барлығы 38 қылмыс түрінің ішінде Заңдастыру туралы заңға сай 12 қылмыс түрлеріне рақымшылық жасалады. Бұл туралы «Заңдастыру-2014» науқаны туралы телекөпір барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан22 Шілде , 12:43

««Қылмыстық кодекстің 7-бабында қыржы қылмыстарына қатысты 38 қылмыстық нышандар құрамы көрсетілген. Оның ішінде рақымшылық жасауға 12 қылмыс құрамы кірсе, 26 қылмыс құрамы оған жатпайды», - дейді А.Кравченко.

Сонымен қатар ҚР Бас прокурорының орынбасары рақымшылық жасалмайтын бірқатар негізгі қылмыстық құрамдарды атап өтті.

«Атап айтар болсақ ол жалған кәсіпкерлік (192-бап), жеке кәсіпкерлік субъектісі тарапынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінен тыс келісімдер құру (192-1 бап), заңсыз несие алу мен оны мақсатсыз пайдалану (194 бап), құнды қағаздарды жүргізу ережесін бұзу (205 бап), қолдан ақша немесе құнды қағаздар жасау мен оны сату (206 бап), экономикалық контрабанда (209 бап), кедендік салық пен алым төлеуден жалтару (214 бап), рейдерлік (226-1 бап)», - деді.

Сонымен қатар А.Кравченко екінші деңгейлі банктерге қаражаттың белгілі бір көлемін заңдастыру мысалын да келтіре кетті.

«Мысалға, екінгші деңгейлі банктердегі есепшотына сала отырып тұлға белгілі бір сомадағы қаражатты заңдастырған болып есептеледі. Тиісінше, тұлғаның өтінішімен тексеріс немесе өзге де шаралар жүргізгенде аталмыш қаражаттың тұлғаның экономикалық қылмыстық жолмен тапқаны анықталады. соған сай, заңдастыру заңсыз деп табылып, аталмыш қаражат алынып, ал заңдастыру субъектісі тиісті заң жауапкершілігіне тартылады», - дейді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика