Қалаларға шоғырлану

Техникалық реттеу саласындағы тарифті төмендету жұмыстары жүргізілуде – ИЖТМ

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп техникалық реттеу саласындағы тарифті төмендетудің жоспарлы жұмыстарын жалғастыруда.
Нұр-Сұлтан21 Шілде , 18:13

ИЖТМ хабарлауынша, көрсетілетін қызметкөлемін арттыру мен шағын бизнес субъектілерін дамыту шарттарын арттыру мақсатында 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚазИнМетр» РМК халықтың ең көп тұтынатын өлшеу құралдары тобы бойынша өлшеу құралдары түрлерін сынау мен бекіту нәтижелерін қабылдау мақсатында материалдарды метрологиялық сараптама процедурасын жүргізу бағасын азайтты.

Сонымен қатар «Ұлттық тіркеу ортылығы» ЖШС тіркеу қызметтері құнының тарифын қайта қарау мүмкіндіктері туралы мәселені қарастыруда.

Аталмыш бағыттағы жұмыстардың тағы бір артықшылығы құжат беру шараларының азайтылуы.

«Қазіргі кезеңде техникалық реттеу арқылы мемлекет бизнесті ынталандырып, сапа деңгейіне тапсырыс береді, техникалық шешімдерді таңдау кезінде кәсіпорындар бейімделуі тиіс технологияларға қойылатын техникалық талаптар деңгейлерін белгілеп отыр. Сондықтан азаматтарды ақпараттандыру мәселесінде және мемлекет пен халық арасында тұрақты «кері байланысты» нығайту мәселесінде интернет-технологиялар мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК интернет-дүкен белсенді жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге интернет дүкен арқылы нормативтік құжаттарды сату қажетті құжатқа «жолды» қысқартып қана қоймай, «Пайдаланушылар» шығындарын да азайтады, себебі НТҚ бірыңғай мемлекеттік қорының интернет-дүкені арқылы нормативтік құжаттарды сату құны қағаз тасымалдаушыдағы нормативтік құжат құнынан орташа алғанда 63%-ға төмен.

Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету саясаты ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.




Яндекс.Метрика