Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстандық оқушылар IPHO-2014-те 3 алтын, 2 күміс медалды жеңіп алды (ФОТО)

Физика бойынша IPHO-2014 халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар Әмір Бралин, Тұрсынбек Нұрислам, Иса Данат алтын медальды жеңіп алса, Дәулет Құрмантаев пен Нұрбек Дінмұхаммед – күміс медаль иеленді, деп ҚР БҒМ хабарлады.
Нұр-Сұлтан 21 Шілде, 13:26

Естеріңізге сала кетейік, IPHO-2014 Астана қаласында 13-21 шілде аралығында өтті.  Әлемнің 85 мемлекетінен келген 400-ге жуық оқушының білімі Назарбаев университетінде бағаланды.

Дүбірлі додада ел намысын қазақстандық 5 оқушы қорғады және IPHO-2014-тен олардың бірде-біреуі бос қайтпады. Олимпиада нәтижесі бойынша 8 орынға табан тіреген Қазақстан жеңімпаз мемлекеттер 10-на кірді.

Алғашқы үштікте Қытай, Корея мен Тайван елдері. 





Яндекс.Метрика