Өңірлер

Бас прокуратурада құқық қорғау органдарын жаңғырту процесі талқыланды (ФОТО)

Бүгін Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінде Құқық қорғау органдарын жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы талқыланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 19 Шілде, 10:29

«Жиында ағымдағы жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған басымдықтар айқындалды», - делінген хабарламада.

Мәжіліс барысында қадағалау қызметінің нәтижелері мұқият сараланып, шешімін табуға тиісті өзекті мәселелер көтеріліп, келешектегі басым міндеттер белгіленді.

Бас Прокурор атап көрсеткендей, өткен жартыжылдықта қадағалау органдарының күш-жігері заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, жұмысшылар мен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының, кәсіпкерлердің және мемлекеттің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, сондай-ақ Мемлекет Басшысының тапсырмалары мен бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруға бағытталды.

Жартыжылдықтың қорытындысын талқылау нәтижесін тұжырымдаған Бас Прокурор кезек күттірмес ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар қабылдап, оны прокурорлық қадағалаудың тиімділігін одан әрі арттыруға бағыттауды тапсырды.

Жаңартылған қылмыстық заңнаманың күшіне енуі жағдайындағы жұмысқа барынша тиімділікпен бейімделу, Президент бекіткен қылмыстық сот өндірісінің жаңа үлгісіне көшу жөніндегі мемлекеттік жоспарды тиісінше орындау бірінші кезектегі міндет ретінде белгіленді.

Сондай-ақ, алқа отырысында азаматтардың сенім деңгейін арттыруға бағытталған Құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жоспары талқыланды. Осы орайда прокурорлардан аймақтық мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізулеріне жүйелі түрде талдау жасалуын жолға қоюды талап еткен Асхат Дауылбаев шағымдарды толық әрі жан-жақты қарау жергілікті жерлердегі прокурорлардың жұмысын бағалаудың басты өлшеміне айналатынын атап көрсетті.





Яндекс.Метрика