Өңірлер

Ақмола облысына физикадан халықаралық олимпиада қатысушылары келді (ФОТО)

Бурабай ауданына физикадан халықаралық олимпиадаға (IPHO-2014) қатысқан 88 елдің оқушысы келді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола 19 Шілде, 12:04

Қонақтарды «Rixos Borovoe» қонақ үйінде шашу шашып ұлттық дәстүрмен күтіп алды.  

«Облыс аумағында Менделеев кестесінің элементтерінің барлық құрамы дерлік кездеседі. Атап айтар болсақ олар алтын, күміс, уран, молибден, техникалық алмаз, каолин мен мусковит және темір рудасы, таскөмір, доломит тағы басқалары. Менің ойымша, біздің кездесуіміз сіздерге жігер беріп, үлкен сыннан кейін жақсылап тынығуға мүмкіндік береді», - дейді облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбеков.

Олимпиада қатысушылары қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, ұлттық асхананың тағамдарынан дәм татты.

Сонымен қатар қонақтар этноауылда болып, ұлттық ойын түрлерін ойнады, шығармашылық өнер туындыларымен танысып, қолданбалы шығармашылық шеберлерінің еңбектерін тамашалады. Соңынд ұлттық бидің элементтерін үйрене отырып «Қара жорға» флешмоб-акциясына қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, IPhO-2014 Астанада 13-21 шілде аралығында өтуде. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Бейбітшілік және келісім сарайында болады. 





Яндекс.Метрика