Энергетика

Электр желісіне ғаламтор арқылы қосылуға болады

Қазақстанның электронды үкіметі порталында Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тұтынушыларға арналған 100 кВт қуаттылыққа ие электр құрылғыларының электр желісіне қосылуға өз бетінше рұқсат алуға мүмкіндік беретін жаңа онлайн қызметі іске қосылды.
Казахстан18 Шілде , 15:53

Ол үшін өтініш берушінің ғаламторға кіріп, электронды сандық қолы (ЭСҚ) мен қосылуға қажетті құжаттардың көшірмелері қажет, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті.

Аталмыш қызмет жоғары сұранысқа ие және оның онлайн жүйесіне орналастырылуы жеке кәсіпкерліктер мен заңды тұлғалардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетпек.

«Онлайн тәртіппен қызмет алғысы келетін азаматқа egov.kz порталына тіркелгенінен кейін «Бизнес» бөліміне өтіп, «Өндірістік» сілтемесіндегі «100 кВт қуаттылыққа ие электр құрылғыларының электр желісіне қосылуға өз бетінше рұқсат алу» түймешесін басуы керек. Аталмыш қызмет 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Қызмет толықтай тегін. Сонымен қатар ол қызметті ХҚКО арқылы да алуға болады», - деп хабарлайды ведомства.

Жыл басынан бері Қазақстан бойынша ХҚКО өтініш берушілеріне egov.kz электронды порталы арқылы 842 рұқсаттама берілген. 




Яндекс.Метрика