Өңірлер

Жоғарғы сот төрағасы: Енгізілген сот актілерінің 98,6%-ы – заңды және негізді (ФОТО)

Бүгін 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы республикалық сот жұмысы қорытындысының кеңейтілген жиыны өтті, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 18 Шілде, 12:54

Жиын Астана қаласындағы таяуда салынған Сот сарайында өтті.

Жиын аясында биылғы жылдың алғашқы алты айындағы сот жұмысының қорытындысы шығарылып, судьялардың VI съезіндегі Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыруға басымдылық беріле отырып сот жүйесін ары қарай дамытудың негізгі бағыттары талқыланды.

Жиын қатысушыларының алдында сөз алған Қ.Мәми Жоғарғы Сот сот iсiн жүргiзудi жеңiлдету, бюрократиялық iстердi азайту мақсатында заң жобасын әзiрленгенін айтты.

«Оны Мәжiлiс қабылдап, Сенатқа жiбердi. Медиаторлардың қатысуымен қаралған азаматтық iстер саны 2,5 есе артты. Электронды сот iсiн жүргiзу элементтерi белсендi түрде енгiзiліп жатыр. Электрондық талап арыздардың саны өткен жылғы көрсеткiштен екi есеге дейін көбейдi. Сот iсiне қатысушыларға электронды хабарлама жiберу қызметi дамып келеді, iс материалдарымен және сот iсiнiң барысымен танысуға мүмкiндiктер жасалған», - деді.

Оның айтуынша, бұл жұмыстар соттың қол жетiмдiлiгi мен ашықтығына, сотқа деген халық сенiмiн арттыруға бағытталған.

Айта кетейiк, бүгiнгi кеңеске ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми, Жоғарғы Сот Кеңесiнiң төрағасы Б.Бекназаров, Президент Әкiмшiлiгi мемлекеттiк-құқық бөлiмiнiң меңгерушiсi Ә.Рақышева, Мемлекеттiк басқару академиясы Сот төрелiгi институтының директоры М.Бейбiтов, Судьялар Одағының төрағасы С.Байбатыров, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлерi, сондай-ақ республикадағы облыстық және оған теңестiрілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысып жатыр.





Яндекс.Метрика