Өңірлер

Қызылорда облысында мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 674 млн теңге жұмсалады

Қызылорда облысында 15 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы қарсаңында аяқталады. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 674 млн. теңге бөлінді, деп аймақ басшысының әкімдігінен хабарлады.
Қызылорда18 Шілде , 10:58

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол кратасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Тасбөгет ауылындағы білім ошағы жөнге келтірілуде.

Ауылдық мектептердің бірі 1978 жылы бой көтерген. Міне, содан бері ол бірде-бір жөндеуді көрмеген екен. Бұл білім ордасын қалпына келтіру мақсатында жергілікті қазына қорынан 66 млн. теңге бөлінді. Бүгінде мектептің терезелері мен едендері ауыстырылып қойған.

Осындай мектептердің бірінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін облыстық бюджеттен 22 илн теңге бөлініпті. Қазіргі таңда білім ордасының қабырғалары сыланып, терезелері мен едендері ауыстырылуда. 




Яндекс.Метрика