Үкімет

Индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындар бөлігін өтеу тізімі кеңейтіледі

«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілуде және ол оның қызметін кеңейтетін болады, деп ҚР ИЖТМ хабарлады.
Казахстан18 Шілде , 09:01

Өтеу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін (халықаралық стандартарға – ISO, API, ASTM және т.б. сәйкес)сертификаттауға арналған шығындармен байланысты.

Бүгінге дейін 7 қазақстандық компанияларды шығындары өтелді. Алайда, Қағидалармен бекітілген қызмет түрлерінің Тізіміне енбейтін бірқатар жергілікті тауарөндірушілер бар (мысалға, силикат кірпішінің, пластик құбырларының және т.б. өндірушілері).

Сонымен қатар,  «ЭКСПО-2017» қарсаңында осы Тізімге қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану секілді қызмет түрлерін қосу мүмкіндігін қарастыру көзделуде.

Шығындар бөлігін өтеу механизмін жеңілдету мақсатында индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің ұсынылатын құжаттар тізімін қысқарту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауға арналған шығындарды өтеу нысанындағы мемлекеттік қолдау. Шығындар жартылай өтеледі: тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты консультациялық қызметтерге; · тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттық аудиттен және сертификаттық сынақтан өткізуге; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты персоналдың біліктілігін арттыруға.  Шығындарды өтеу сомасы өтеуге ұсынылатын сомадан 50%, бірақ  3 000 АЕК көп емес.




Яндекс.Метрика