Өңірлер

Көкшетаудағы Даңқ аллеясын жөндеуге 122 млн теңге бөлінді

Көкшетауда Даңқ аллеясын жөндеуге облыстық бюджеттен 122 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігі.
Ақмола17 Шілде , 16:32

Облыс орталығында ауданы 24 мың шаршы метрден асатын Даңқ аллеясын жөндеу жұымстары басталды. Аталмыш жобаға парк аймағының ағаштарын барынша сақтай отырып орталық жартышеңбер болып жасалатын рекреациялық аймақты – демалыс орындарын ұлғайту енгізілген.   

Сонымен қатар аллеяның орталық осьімен қаланың қаһарман ұлдарының аты жазылатын ескерткіш плиталар орнатылатын гүлзар орнату жоспарлануда.

Аталмыш жоба аясында көшенің шам бағаналарын барынша үнемдегіш және заманауи жарықдиодты бағандарға алмастыру көзделген.

 




Яндекс.Метрика