Инфрақұрылымның дамуы

Жезқазған-Петропавл автожолы учаскесінің жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады - ККМ

Бүгінде Жезқазған – Петропавл автомобил жолы үчаскісінің қалған 3,6 шақырымын 1 қыркүйекке дейін бітіріп, учаскені мерзімінен бұрын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр, деп Көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.
Казахстан17 Шілде , 17:03

Қазіргі таңда 5,4 шақырымдық учаскеде барлық жұмыстар аяқталды, оның ішінде, ескі жол төсемі алынып, 42 мың шаршы метр көлемінде асфальт жамылғысын төсеуге әзірленді, бес мың тоннадан астам асфальт-бетон қоспасы төселді.  Айта кетерлік жайт, аталған жолдың 710-719 шақырымдарындағы ұзақтығы 9 км учаскені орташа жөндеу суық ресайклинг технологиясымен жасалды.

Суық ресайклинг технологиясы – бұл қолданыстағы жол жамылғысының материалын ұсатып, сол жерде тұтқыр және тас өнімді материалдармен араластыру арқылы оның физика-механикалық қасиеттерін жақсартып, оларды нығыздап төсеп, тиісті параметрлерге келтіріп қайта қолдану технологиясы.

Суық ресайклинг технологиясы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жол техникасы қажет. Осы учаскедегі жұмысқа 23 техника және 38 жұмысшы тартылды, делінген хабарламады.

Осы технологияны қолданып орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу автомобиль жолы учаскесінің пайдалану жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 




Яндекс.Метрика