Ұлттың денсаулығы

Дубайлық мамандар елорданың бейімделу орталығының медицина қызметкерлерін оқытады

БЦСА-ға шалдыққан қазақстандық бүлдіршінер үшін Дубайдың «Dr. Majdi El Halik Pediatric and Mental Reabilitation Centre» клиникасының физиотерапевт дәрігерлер тобы келді, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Нұр-Сұлтан17 Шілде , 12:32

2014 жылдың 14-27 аралығында мамандар Астанадағы «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының бейімдеу орталығында жұмыс істейді.

Дубай клиникасының директоры Мәхді Салех әл-Халиктың айтуынша, олардың келуіндегі басты мақсат – «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының бейімдеу орталығында курстан өтіп жатқан тірек-қозғалтқыш аппаратының бұзылуы сырқатына ұшыраған пациенттерге кеңес беру және медициналық қызметтер көрсету және балалар үйіне маманданған №2 қалалық балалар ауруханасы мен Қазақстанық өзге де өңірлерінің бейімдеу орталықтарының маманарына шеберлік сыныптары мен тәжірибелік сабақтарын өткізу.  

Физиотерапевтер Венус Букой Куирантэ мен Сукина Мансор әл-Шаик Осман  БЦСА сырқатына шалдыққан балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар елордалық балалар үйінің 20 тәрбиешісі шет елдік мамандарыдң кеңесін алады.

Айта кетейік, аталмыш жоба «Ұлт болашағы – сау балалар» жобасы аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қолдауымен іске асырылуда. 




Яндекс.Метрика